Алматыда бірнеше қылмыс жасаған ұры қолға түсті. Жасы 40-тан асқан қылмыскер үйлерге тек терезеден кіреді екен. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Үнемі қалтасында пышақ салып жүретін ұры кезекті жорығында үйде жүрген әйелге тап берген. Құнды заттарды ұрлап жатқан жерінен ұстап алған үй иесін бәкімен қорқытып, зорлап тастаған.

Тағы бір ретте үй иесін пышақпен жарақаттап қашқан. Үй қожайындарынан қорықпайтын ұры кезекті қылмыс үстінде ұсталған. Қылмыскердің Алматы облысында туғаны, бұған дейін бірнеше мәрте істі болғаны белгілі болды.

Бөлісу: