Ресейдің Киров аймағында жантүршігерлік оқиға орын алды. 21 жастағы жас ана 3 жасар қызын бір аптаға жалғыз өзін тастап, аштан өлтірді. Перзенті ас-сусыз қиналып отырғанда, оның анасы Мария көңіл көтеріп жүрген. Тіпті, бір жазбасында оны туған күнімен құттықтап, мейірімді ана ретінде көрінген.

Бұл туралы Life.ru басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қыз өлі табылған күні, Мария К. Instagram-да оған арнап пост жазды. Онда ол қызын туған күнімен құттықтаған. Мария қызын өзінің “өміріне”, “періштесіне” теңеп, оған бақыт әрі денсаулық тілеген.
Бұл постпен бірге әйел бірнеше фото жариялаған. Онда қызын бетінен сүйіп, құшаққа алған анасына қарап сүйсінбей қоймайсың. Тіпті, болған оқиғаға сенудің өзі қиын.

Анасы 3 жасар қызын бір аптаға жалғыз тастап кеткен: Ол аштан көз жұмды

Алайда осы бір апта ішінде Марияның барынша көңіл көтеруге тырысқаны айдан анық. Instagram-Stories-те жігітімен түскен суреттерін жариялап, “бақыт жанымда” деген сынды жазбалар қалдырған.

Қазіргі уақытта жас келіншек қамауда. Оған кішкентай сәбиді асқан қатігездікпен өлтірді деген айып тағылды.

Бөлісу: