Астанаполицейлері 20 бірдей қоқыс салатын контейнерді ұрлап кеткен жігітті ұстады депхабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«21 ақпанда ПИК өкілінен қоқыс салатын 20-дан астам темір жәшікті белгісіз біреулер ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті. Жедел-іздестіру барысында 30 жастағы қала тұрғыны ұсталып, ол жәшіктерді темір сынығын қабылдайтын орынға тапсырып жібергені анықталды.

Темір қабылдайтын орынның иесі еш рұқсат қағазсыз өз ісін жүзеге асырып келген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 196-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент хабарлауынша, қазіргі уақытта ұрланған кабельдерді, аккумуляторларды, кәріз құдығының шойын қақпағын, құрылыс материалдарын және басқа да қара және түсті металдарды қабылдауды жүзеге асыратын пункттерді анықтау жұмыстары жүрігізіліп жатыр.