ШҚО-да басын тәуекелге тігіп, жанып жатқан үйден 15 адамды алып шыққан әскери қызметші Қуандық Қанатов марапатталды деп хабарлайды Хабар24.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында қызмет ететін ефрейторға қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың атынан алғыс айтылып, ерлігі ерекше аталып өткен.

Министр атынан алғыс білдірген генерал-майор Мүсілім Алтынбаев Қуандық Қанатовтың ерлігі басқаларға үлгі болуы керектігін атап өтті. Өйткені ол өз біліктілігін тек қызметтік міндетін орындауда емес, өмірдің сын сағаттарында да қолдана білген.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға ақпанның 8-інде болған еді. Түнгі сағат 2-де Семейдегі жатақханың бірінші қабатынан өрт шығып, екінші қабатқа тарай бастайды. Осы үйде тұратын Қуандық құтқарушылар келгенше 15 адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Кадр Хабар24 арнасынан алынды

Кадр Хабар24 арнасынан алынды

Рассказать Вконтакте

«Азаматтық борышым. Менің орнымда кез келген адам солай жасайды деп ойлаймын. Еншқандай сезім болған жоқ. Ең бастысы, адам шығынын болдырмау болды», — дейді әскери қызметші Қуандық Қанатов.

Сол бір сұмдық оқиға болғалы бірер апта өтсе де, тұрғындар әлі ес жия алар емес. Қуандықты көрген сайын құшақтап, ризашылықтарын білдіреді.

«Отбасымдағы 7 адамды Қуандық өрттен алып шықты. Алғысым шексіз. Қайтсе де біліктілігің бар екен. Әйтпесе өртеніп кетер едік. Бала-шағаңның игілігін көр!», — дейді тұрғын Күләш Сүбебаева.

Бөлісу: