Бұл жайлы әншінің оқырмандары сауал тастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Әнші Жазира ханым желідегі парақшасында былай деп жазды:

«Мен жұмысымнан шаршамаймын.Тек айналамдағы адамдардың көңілдеріне қарап шаршап қалады екенмін…
Неден шаршайтынымды,неден ләззат алатынымды,денсаулықты күту үшін,жанымның тыныштығы үшін қалай өмір сүруім керек екенін енді үйреніп жүрмін… Еңбегімнің жемісін көруді,өз отбасыма,өзіме көңіл бөлуді,демалысқа барып әдемі демалуды биылдан бастадық.
Бұған дейін тек саxна,ән,әдемі көйлек,сыртқы келбет,еңбек,туған-туыс деп 40 қа қалай толғанымды білмей қалыппын.

Ешкім ешкімнің отбасына,жұмысына,табысына араласпай әркім өзі еңбек етсе бақытты адамдардың саны көбейеді.
Ең маңыздысы ішкі жан дүниемізді әдемілікке,санамызды жақсы идеяларға толтырып,өзімізді жақсы көре білу керек екенбіз ғой ия?! Менің тәтті өмірім осы жастан басталып жатыр».

Оқырмандарының кейбіреулері өзгергісі келген Жазира ханымға «40-та қылық шығарам десей, енді бастап жүрсің бе?» деп жазды.

Бөлісу: