26 жастағы қытайлық стюардесса қонақ үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті. Түр-әлпеті ұсқынсыз болып кеткен бойжеткен 3D-сканер технологиясы арқылы әрең дегенде бет-жүзін қалыпқа келтірді. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Чен Лидан алтыншы қабаттан 2015 жылы құлап кеткен. Жақындарының айтуынша, оқиғадан кейін қыздың түр-әлпеті адам танымастай өзгеріп кеткен. Оның барлық тістері түсіп, жағының пішіні қатты өзгеріске ұшыраған.

Лиданның түр-әлпетін қалыпқа келтіру үшін дәрігерлер оның жағына арнайы титан пластиналарын қоюға мәжбүр болды.

Ақыл-есінен айырылған қыз оқиғаның мән-жайын есіне түсіре алмайды. Журналистерге берген сұхбатында ол өзінің аты мен туған күнін айтты, бірақ алтыншы қабаттан қалай құлағанын және сол күні қасында кім болғанын еске түсіре алмады.

Ал сырт келбеті жайлы сұраққа Лидан өзін бұрынғыша әдемі қыз санайтынын және түр-әлпетінің өзгермегенін атап өтті.