Мамандар жүректің басты жауын атады

Мамандар жүректің басты жауын атады

Соңғы жылдары жүрек донорлары азайып барады Мамандар жүректің басты жауын атады

Мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге тән. Бұл туралы «Созылмалы жүрек ауруларына» арналған конференцияда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова хабарлады. Дәрігердің айтуынша, көп жағдайда марқұмның туысқандары келісім бермейді. Елімізде жүрек трансплантациясы тек Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жасалады. Осы уақытқа дейін мұнда 76 адамның жүрегі алмастырылған. Жыл сайын орталықтың күту парақшасына шамамен 100 науқас тіркеледі. «Өкінішке қарай, соның 30 пайызға жуығы донорлық жүрек табылғанша көз жұмады», – дейді Махаббат Бекбосынова. Сондықтан бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да қан айналымына механикалық қолдау көрсету бағдарламасы қарқын алып келеді. Яғни жасанды жүрек салу. Қазақстанда мұндай 300-ден астам операция жасалған. «Жүректің ең бірінші жауы – стресс. Сондықтан қандай қиындық болса да ақылмен шешу керек», – дейді білікті дәрігерлер. Және дене шынықтыруға көңіл бөлу қажет.

Сәлім Беркінбаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

– Ең бірінші – адамның жаман әдеттері. Солардан бас тарту керек. Темекі тарту, арақ ішу. Адам аз қозғалады. Спортпен айналыспағандықтан да жүрек аурулары көп дамиды.

Бөлісу: