Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Невский даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер бар деп хабарлайды РИА Новости.

Қайғылы оқиға 24-ші қаңтар күні түнгі 00-30 шамасында болған. Басылымның хабарлауынша, BMW X6 жол талғамайтын көлігі тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді соққан.

Жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үш адамға көмек көрсетілген. Бір әйелдің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Көлік жүргізушісі тұтқындалған. Тергеу органдарының мәліметінше, BMW X6 тізгіндеген жүргізуші екі көлікпен соқтығысып, артынша бес жаяу жүргіншіні қаққан.

Полиция ұсталған азаматың өткен жылдың қараша айында көлік жүргізу құқығынан айырылғанын да атап өтті.

ТАСС-тың хабарлауынша, қаза болғандардың бірі АҚШ азаматы

Бөлісу: