Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова бірігіп бейнебаян түсірді. Жұлдызды дуэт клипті еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әніне таспалаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл қуанышты хабарды Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі парақшасында жеткізді.
“Достарым, сіздермен «Бақытты жандармыз» композициясына түсірілген бейнебаянмен бөліскім келіп отыр, оның авторы өзім, сөзін жазған Асқар Дүйсенбі.

Шығарманы таныстыруды қажет етпейтін жас, дарынды, танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова орындайды. «Бақытты жандармыз» сіздерге ұнайды деген үміттеміз. Жанға жағымды болсын!” – деп жазды ол.