Мәдина Сәдуақасова осы күнге дейін жеткен жетістіктері үшін аса тер төкпегенін айтады. Сөзіне қарағанда, оған бұл дүниеде барлығы жеңіл жолмен келеді. Өзгелер ұқсап күнде дайындыққа бармасам да, талай байқауда бас жүлдені иелендім, дейді әнші.

Бұл туралы Мәдина әріптесі Жеңіс Ысқақованың авторлық бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Мәдина өзінің жалқау әрі жайбасар екенін айтты. Ол өзіне жол сілтеп жүрген жақындары мен қарамағындағы қызметкерлеріне алғыс айтады. Айтуынша, көмекшілерінің көп болғандығының арқасында ол біраз істі тындырып жүр. Әйтпегенде әркімнің сөзіне еріп, әр жаққа еріп кете берер едім, дейді әнші.

“Маған біздің үйдегі, командамдағы адамдардың бәрі солай айтады. Күнде келетін смс: “Мәдина, 1 тәулік кетті, біз ештеңе демедік, бұл қалай?”. Біріншіден, мен өзімнің командама алғыс айтамын. Өйткені жаңа идеялар алып келіп жатады. Мен деген “жасайық, мейлі” деп келісе саламын. Жұмыс дегенге жоқ деп айтпаймын. Алға, алға, тәуекел, білмесем де алға. Бірақ күнде “Мәдина, жалқаулау” дегенді естимін. Мысалы, мен спорт залға бармаймын күнделікті. Мен жалпы сол жағынан, дене бітімімді өзгертіп, ағылшын тілін жаттап, көп қой нәрселер, тағы да төртінші диплом алар едім, мысалы. Былай қарасаңыз, концерт беріп жатырмын, жұмысымды істеп жатырмын”, – дейді Мәдина.

Сәдуақасова музыкалық училищемен қатар, психолог пен журналист мамандығы бойынша білім алғанын атап өтті.