Өнерде жүргендердің ішінде орамал тағып, бес уақыт намазын тастамай оқып жүрген әншілер жетерлік. Алайда намазды бастап, тастап кеткендері де бар. Роза Әлқожа ислам жолында жүру – әркімнің жеке жұмысы екенін айтады. Айтуына қарағанда, өнерде жүріп, діндар адам болу қиын іс.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Әркімнің өзінің шаруасы деп ойлаймын. Адам барлық уақытта, әсіресе, біздің өнерде керемет тақуа болу мүмкін емес. Елдің ортасында жүргеннен кейін, әнмен сусындап, қоғамның бір бөлшегі болып жүргеннен кейін керемет діндармын, тақуамын деп айта алмаймын.

Діннің түбін қазбаңдар, адасасыңдар. Сендерге дейін де адасқан, дейді. Бір адам бірнәрсеге басымен кіріп жатса, ол фанатизм деп ойлаймын. Ал фанатизм деген сауатсыздық. Жалпы қай нәрсенің болсын балансын сақтаған дұрыс”, – дейді Әлқожа.

Әншінің ойынша, исламда бірінші кезекте адал жолмен еңбек етіп, біреуге зияныңды тигізбеу маңызды.

“Біздің пенделігімізден. Иманымыз күшті болса, қазір сұхбатты да қойып, намаз оқитын едік. Екі ракат намаз оқығанша, білім ал, сол абзалырақ дейді. Екі ракат намаз оқығанша, егініңді ек, бала-шағаң аш қалмасын дейді. Біздің дінімізде сәждеден бас алмай, намаз оқи бер деген сөз жоқ. Исламда ата-анаңа қарсы шықпа, туысқандарыңа қарсы шықпа, шамаң келсе, ораза ұста, намаз оқы, зекет бер, қажылыққа бар дейді. Ең басты құндылық, адал еңбек етіп, адал жолмен балаларыңды асырауың”, – дейді ол.

Бөлісу: