Таиландтық сұлулық байқауының бұрынғы қатысушысы Крисана Суванпитак 2012 жылы үй қызметшісіне сұмдық әрекеттер жасаған. Алайда ол жазасыз қалыпты.

Сұлулық байқауларының бұрынғы қатысушысы Крисана өзінің үй қызметшісі Джария Шришакты бұған дейін де жазалап, қол жұмсаған екен. Алайда сол күні ол 16 жастағы қызды қатты жарақаттап, салдарынан ол көз жұмды. Әйел оны аэрозоль баллонымен қрып, пластик құбыршекпен сабап, терісін шашқа арналған үтікпен күйдіріп тастапты.

Алайда қыздың өлімінен кейін Крисана өз әрекеті үшін өкінбеген. Ол қылмысының ізін жасыруды ұйғарып, өзіне көмектесуге келіскен құрбысы және інісімен бірге қызметшінің мүрдесін өз анасының үйіне алып барып, ауладағы ағаштың түбіне көміп тастайды. Ал қайтыс болған қыздың анасына оның қашып кеткенін айтқан, деп жазады Straitstimes басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сұлулық байқауына қатысқан әйелдің жасаған сұмдық қылмысының беті ашылды

Содан бері анасы қызын іздестіріп, таппаған. 2017 жылы Джарияның анасына белгісіз біреу хабарласып, оның қайтыс болғанын және денесінің қайда көмілгенін айтыпты. Әйел бейтаныс адамнан қызын кім өлтіргенін де біліп алады.

Құқық қорғаушылар Крисананы, оның құрбысы мен інісін тұтқындады. Ұзаққа созылған тергеу барысында сұмдық қылмысқа Крисананың қызы куә болғаны анықталды. Ол сотта куәлік етті.

Сұлулық байқауына қатысқан әйелдің жасаған сұмдық қылмысының беті ашылды

Нәтижесінде Крисана өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол қайтыс болған қыздың анасына 1 миллион бат (12 млн теңгеден аса) төлеуі тиіс. Крисанының інісі бір жылға, ал құрбысы 1 жыл 4 айға түрмеге тоғытылды.

Бөлісу: