Америкалық актер Билли Портер Америкалық киноөнер академиясының 91-сыйлығын табыстау рәсіміне көйлек киіп келіп жұртты қайран қалдырды, деп жазады Stan.kz.

49 жастағы актер өзінің Instagram-парақшасында көйлектің сәнгер Кристиан Сирианоның қолынан шыққанын жазған.

«Оскарға» барған кезде киіну керек», – деп жазған Портер.

 

Айта кетсек, ол рәсімге жұбайы Адам Портер-Смитпен бірге келген.

 

Билли Портер «Қалып», «Америкалық қорқынышты оқиғалар тарихы» телехикаялары, «Ноэль» және «Жараланған жүректер клубы: Романтикалық оқиға» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. Сонымен қатар ол «Анастасия» мультфильміндегі кейіпкерлерді дыбыстаған.

Бөлісу: