Баян Алагөзова тағы да сынға ұшырады. Жақында өнердегі “күйеу баласы” Айқынның туған күнінде көңіл көтеріп, жердің шаңын шығарып билеген продюсерді көпшілік “мас” деп ойлап, жағымсыз пікірді қарша боратқан. Продюсер өзін сынағандарға жауап берді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.

“Бұл әріптестеріміздің меншікті мерекесіндегі «би жарысы» еді. Видео ғаламторда «Ішімдікке сылқия тойған Баян» деп тараған екен. Шын мәнісінде мен ешқашан ішпегенмін және ішпеймін де. Алкогольге деген құмарлығым да жоқ. Мен бар болғаны жақсы актрисамын!” – дейді Баян Алагөзова.

Гүлзира Айдарбекова, желідегілердің әрбір жағымсыз жазбасына жауап жазудан жалықпайды. Арасында қытығына тигендермен айқасып та алады. Тіпті, хэйтерлердің жұртқа беймәлім қулығын да біліп алған.

“Бір адам бірнеше атпен кіреді екен. Сөйтіп бір-бірінің сөзін жалғастыра береді. – Сіз неге олай істедіңіз десе… «Иә, соны айтам-ау», – деген сияқты, бір-бірін шынжыр сияқты алып кетеді. Сонда былай қарап отырсаң, бәрі бір адам” – дейді Айдарбекова.

Бөлісу: