Ертең көктем!
IZDEU.INFO

Ертең көктем!

Ертең көктем!

Көктен түсіп көктем келер тап ертен,
Гүлге сені көмкереді ақ еркем!
Ақпан түннің түріп тастап түндігін,
Көктем келер, тереземе таңертең!
Оянамыз сен екеуміз балбырап,
Көз алдымда жасыл торқа мәңгі бақ!
Оңтүстіктен тыраулатып тырналар,
Келеді әне, көк әлемге ән құрап.
Қалқам сенің жүзіңнен нұр төгіліп,
Табиғат та жатыр нұрға көміліп.
Ақпан жапқан ақ көрпенің тысы да,
Бара жатыр тігісінен сөгіліп.
Ертен көктем, ертен шуақ арай күн,
Шуағына шомылайық арайлым.
Тереземнің жиегіне қатқан мұз,
Жылайды ертең ал, мен бүгін жылаймын.
Содан кейін жыламаймын жаңа күн,
Басталады жаңа бақыт, жаңа мұң…
Бүгін бәрін жуып-шайып тастайын,
Ертең басқа қауызымды жарамын.
Нөсер төксін кешем барып балшығын,
Сол балшықта батпан болып қалшы мұң!
Шаңырағын әз наурыздың көтеріп,
Киізінің жерге жаям қылшығын.
Енді қалқам ойын-думан күнде асыр,
Кел оданда айтайықшы сырға сыр.
Бүгін түнім, ертең таңым жеткенше,
Сағыныштан өте шығар бір ғасыр!
Ертен-ертең, көктем келер тап ертең,
Мен бақытты сен бақытты ақ еркем!
Енді дұға тілеп жатам түнімен,
Оянсам деп өлім кетпей таңертең…
28.02.2019
источник: массагет

Тағы оқыңыз: