Англияда 18 жастағы студент қыз басының ауыратынын айтып шағымданған. Мұнан кейін бірнеше рет ұстамасы ұстапты. Қыздың анасы жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қыздың комаға түсіру туралы шешім қабылдайды.

Сондай-ақ, олар анасынан қызының жүктілігі туралы сұрақ қояды. Себебі қыздың аяқ астынан іші пайда болған. Алайда таңғалған анасы оның аяғы ауыр емес екенін айтып жауап беріпті, деп хабарлайды Вigpicture басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алайда Эбони Стивенсон шынымен де жүкті болып шыққан. Десе де оның жүктілігі кезінде етеккірі тоқтамаған және жүктіліктің белгілері болмапты. Анықталғандай, ол сирек кездесетін ауытқумен дүниеге келген. Оның екі жатыры бар. Сондықтан сәби оның жатырының бірінде дамыған.

Комаға түскен 18 жастағы қыз оянғаннан кейін өзінің ана атанғанын білді

Нәтижесінде дәрігерлер шұғыл түрде кесір тілігін жасап, Эбониді босандырып алды. Бірнеше күннен кейін комадан шыққан Эбони кішкентай қыздың анасы атанғанын білді. Бұл кезде ол қатты таңғалған. Ол әзірге балалы болуды жоспарламағанын айтады. Ендігі ол өз өмірін сәбиінсіз елестете алмайды.

Комаға түскен 18 жастағы қыз оянғаннан кейін өзінің ана атанғанын білді

«Мен алдағы он жылда балалы боламын деп ойламадым. Жас ана болу туралы ойым да жоқ еді. Алайда бұл керемет. Мен Элодиді (қызы – ред.) ешнәрсеге ауыстырмаймын», — дейді Эбони Стивенсон.

Бөлісу: