Шымкент әкімі 18 мың еркекті жинап, қаланы тазалап шықты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тек ерлер қауымының қатысуымен өткен сенбілік Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып отыр.

Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі бастаған тазалық жұмыстарына мәслихат депутаттары мен әкімдік қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Жалпы саны 18 мыңнан астам ер азамат қамтылған тазалық шарасында шаһардағы саябақтар мен гүлзарлар, көше бойлары мен аяқ жолдардағы 354 тонна қоқыс шығарылды.

Бұдан өзге сенбілікте көшет отырғызу жұмыстары да ұмыт қалмады.

Бөлісу: