Әлеуметтік желіде қызойнағын қазақы нақышта өткізген бойжеткеннің видеосы тарап кетті. Құрбыларымен бірге ұлттың киімді киіп, басына үкі тағып, ән орындаған жас қыздың ісі qazaqstanda парақшасында жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақша стильде әсемделген бөлмеде бір топ қыз ұзатылатын бойжеткенді ортаға алған.

Содан соң хамзол киіп, үкі таққан арулар ұлттық әнді орындауға кіріседі.

Бойжеткеннің бұл видеосын желі қолданушылары қызу талқыға салып, оған сүйсініп қалғандарын жасырмады.

«Керемет», «Қазіргі қыздардың қызойнағымен салыстырғанда әлдеқайда керемет», «Қандай жарасымды», «Өте әдемі көрінеді».

«Қазақтың қыздарының бәрі осылай тойласа ғой», «Жарайсыздар, қыздар», «Әдемісіздер», «Бақытты болыңдар», «Дәстүрді жаңғыртып жатырсыздар» деп жазды желідегілер.

Бөлісу: