4 наурызға арналған ауа райы болжамы

4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 4 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с болады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұман, күндіз 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басып, түнде көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Қарағанды, түнде Алматы облыстарында — тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бөлісу: