Күні кеше Алматының төрінде танымал продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек ұзатылды. Оңтүстік астананың аса қымбат мейрамханаларының бірінде өткен дүбірлі тойда барша шоу-бизнес жұлдыздары бой көрсетті. Қалындық атанған бойжеткеннің ұзатуында әкесінің орнында анасының екінші жолдасы Тұрсын Алагөзов болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбектің ұзату тойы нағыз қазақ эстрадасының концертіне айналып кетті. Танымал продюсерді құттықтай келген әншілер бірінен соң бірі әдемі әндерін шырқап жатты. Олардың арасында Тамара Асар, Мадина Сәдуақасова, Дильназ Ахмадиева,Гүлзира Айдарбекова, «Алау» тобы, Нұржан Тәжікенов, Кентал, Айдана Меденова және тағы да басқалар.

Той тізгінін ұстау танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа бұйырған. Оған қоса, отандық продюсердің қуанышыныа ортақтасып Динара Сатжан, Азамат Сатыбалды, Мадина Балғабаева, Айгүл Иманбаева және тағы да басқалар келді.

Ұзату той кезінде жас жұбайлардың достары тосын сый жасап, жастар үшін арнайы флешмоб ұйымдастырған. Сонымен қатар, Айсәуленің бөлелері де оған арнап ән айтқан.

Қызығы, танымал аруды сыңсу айтып, жаңа отбасына шығарып салу рәсімін анасының әпкесі Батес алған.

Бөлісу: