Аша Матай сіңлісі Айсәуленің ұзату тойында елдің көзінше жұлқына билегені үшін көпшіліктен оңбай сөз естіді. Желі оқырмандары күйеуі бар жас ананың бұл қылығын ерсі санап, оны сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғаламторға кең таралып кеткен бейнежазбада Аша Матай заманауи әнге билеп жатқаны көрініс тапты. Танымал тележүргізушінің көпшіліктің алдында жұлқына билегені желі оқырмандарына ұнамай қалған.

Олар Аша Матайды бөксесімен билегені үшін сөгіп, аяусыз сынап тастаған.

«Енесі мен атасы отыр бұл жерде. Ұят деген жоқ мүлде» , «Мүлде жараспайды» , «Негізі бұлар үлгі беретін адамдар емес. Істеп жүргендері мынау» , «Арманға сөз жоқ. Осы сұмдыққа жол берген» , » Шынымен кішкене ерсі көрінеді екен» , «Еркектерде намыс жоқ. Күйеуі бар әйелдер осылай құтырып жүрсе» , » Робот сияқты қимылы келмейді» , «Шеттен шықтың. Ана деген атың бар ғой. Ұят пен ұяңдық деген қайда?» , — деп жазуда оқырмандар.