Енді адамдарға уағызды робот айтады (видео)
Енді адамдарға уағызды робот айтады (видео)

Күншығыс елінің Киото қаласындағы 1619 жылы есігін жамағатқа айқара ашқан ежелгі ғибадатханада уағызды бұдан былай робот айтады. Ол Будда ілімін таратады.

Биіктігі 195 сантиметрге жететін, салмағы 60 келі тартатын, бағасы 100 млн иен тұратын, алюминиден жасалған, қолы мен иығы және басы силиконмен қапталған робот жастарға жанашырлықтың мәні мен маңызы туралы дәріс оқиды. Жапон тілінде.

Ал туристер үшін уағыздың субтитрі арнайы экраннан ағылшын және жапон тілдерінде беріледі.

Дереккөз: islam.kz

Ұсынған: Гүлім Жақан

Бөлісу: