Жас жеткіншек мектептік «Адал ұрпақ» еріктілер тобының белсенді мүшесі, озат оқушы. Оған қоса, өзінің жетістіктері үшін ол юірнеше диплом мен алғыс хаттарды иеленген.

Аталмыш агенттіктің мәлімдеуінше, Дамир Бозаевтің басты міндеті мектеп аясында жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру болмақ.

«Біз оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін енгізбекпіз. Олардың адал еңбекке шақырамыз. Бұл мәселе бойынша бізге «Адал ұрпақ» клубтары белсенді түрде көмек көрсетуде» , — деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Оның сөзінше, наурыздың басында бұл еріктілер клубының қызметін барынша дамытуды қолына алатын ең жас кеңісші тағайындалған.

«Біз оқушыларға жемқорлыққа қарсы күрес тәрбиесін өз тілдерінде жеткізген дұрыс деп есептейміз» , — деді ол.