Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасы басшысы кабинетін таба алмай күнде адасатынын айтады. Бұған себеп аурухананың лабиринт етіп салынуы екені деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үш ай бұрын тағайындалған бас дәрігердің кабинеті ғимараттың үшінші қабатында орналасқан.

«Мен өзім кабинетіме келу үшін күнде адасамын. Қалай салынғанын түсінбеймін. Қасымда үнемі біреу еріп жүреді», — дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев.

Аурухана іші. Фото: KAZ.NUR.KZ

Аурухана іші. Фото: KAZ.NUR.KZ

Рассказать Вконтакте

Бас дәрігердің кабинетіне жету үшін тез жүргеннің өзінде лабиринт етіп салынған аурухананың ішін 10-15 минут шарлауға тура келеді.

Ал аурухананың ішін мүлде білмейтін науқас бас дәрігерді іздеймін деп жүріп өзі адасып кетуі әбден мүмкін екен.

Ерлан Сұлтангереев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасы 2011 жылы «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында қолданысқа берілген болатын. Мекеме 200 орындық.

Орталықтағы кемшіліктерге байланысты үш ай бұрын аурухананың басшысы ауысқан болатын.

Аурухана іші. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бөлісу: