Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылынып, кей өңірлерді ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр деп хабарлайды «Қазгидрометтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша наурыздың 5-7-сі аралығында ауа температурасы 7-13 градусқа дейін жылынады екен. Тек батыс өңірлерде ғана күн салқын болады деп күтілуде. Аталған аймақтарда термометр 1-3 градус аралығын көрсетпек.

Ал еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында қар жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ боран мен көктайғақ болады деп күтілуде.

Жалпы Қазақстанның бірқатар аймақтарында қар жауып, елдің оңтүстігінде алдағы күндері күн жауын-шашынды болады деп күтіліп отыр.