Шымкентте азаматтық некедегі әйелін сыра әкеліп бермегені үшін өлтірген 30 жастағы азамат 12 жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды  IZDEU.INFO NUR.KZ — ке сілтеме беріп

Қанды оқиға 2018 жылдың жазында Шымкенттегі Қайнарбұлақ елдімекенінде болған.

Араққа сылқия тойған жігіт азаматтық некедегі әйелін сыраға жұмсапты. Ер азаматының тілегін орындағысы келмеген әйелі екеуі жанжалдасып, отыз жастағы отағасы әйелін ұрып тастаған.

Келіншек алған жарақаттарынан көз жұмады.

Оқиға болған күні үйде әпкесіне қонаққа келген жәбірленуші әйелдің кішкентай туыс сіңлісі болған.

Азаматтық некедегі екеудің жастары бірге толмаған егіз сәбиі болған. Емізулі күйінде анасынан айырылған бүлдіршіндер жақын туыстары болмағанына байланысты қорғаншылық органдар шешімімен Шымкент қаласындағы бөбектер үйіне жіберілді.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен Е.Е.қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу: