Төреғали Төреәлі күні кеше дүние есігін ашқан ұлының есімін өзіне ұқсатып қойды. Әнші ізбасарына Төренұр деп есім беруді жөн санаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 Бұл жайында «31» арна журналисті Анна Данченко Instagram парақшасында мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше хитменге жұбайы Толқын ұл сыйлады. Ал әншінің үш қызының кенжесі былтырғы жылдың сәуірінде дүние есігін ашқан болатын.

Ұлы дала баласының өзі де «Құтты болсын» айтқан көпшілікке алғысын жаудырып, Instagram парақшасында қуанышын өлеңмен жеткізді.

«Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз, Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз?! Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед, Көбейетін болды ғой шалбарымыз.

Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті, Қалсын деп артымыздан жалғанып із. Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын, Қалайша ұмытайық Алланы біз?!

Барған жерде «ұлды бол» деп жатушы ед, Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз. Сол елдің ақ тілегі қабыл болып, Мінекей, орындалды арманымыз.

Халайық, баршаңызға раxмет, Не деген жайдары еді жандарыңыз. Алақайлап, сүйінші сұрап тұрмын Бұл себебі сіздердің балаларыңыз», — деп әнші жыр жолдарын жазды.

Бөлісу: