Ұлыбританияның букмекерлік кеңселерінің бірі Ladbrokes танымал боксшылар бір дәл соққысы үшін қанша табыс табатынын есептеді деп хабарлайды Sports.kzке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТОП-10 рейтингте тоғызыншы орынға 2016 жылы Лондонда Геннадий Головкинмен өткізген айқасы үшін Келл Брук жайғасқан.

Ladbrokes ақпараты бойынша, боксшы жекпе-жек кезінде 85 дәл соққы жасаған. Оның әр соққысы 46 433 фунт стерлингке (61 мың долларға) бағаланыпты.

133 рет дөп тигізген Головкин әр соққысы үшін 29 675 фунт стерлинг алған көрінеді (39 мың доллар).

Еске сала кетсек, Головкин-Брук кездесуі бесінші раундта британдық боксшының жеңілісімен аяқталған болатын.

Букмекерлік кеңсенің хабарлауынша, бірінші орынды Амир Хан иеленді. Ол Сауль Альвареспен айқасы үшін 213 784 фунт тапқан көрінеді.

Мексикалық боксшы әрбір дәл түскен соққысы үшін 43 168 фунт алыпты.

Бөлісу: