8 наурызға қандай сыйлық берген дұрыс?

Көктемнің ең керемет мерекесі ол — 8 наурыз. Халықаралық әйелдер күні анаңызға, әпкеңізге, сүйгеніңізге немесе келіншегіңізге қандай сыйлықты сыйлау керектігін білмейсіз бе?

Әшекей-бұйымдар

Әрбір ару, келіншек әшекей-бұйымдарды жақсы көреді. 8 наурыз күні сырға, сақина, жүзік, білезік сыйлауға болады. Әшекей-бұйымдарды сауда орталықтарынан, әшекей-бұйымдар дүкендерінен сатып алуға болады. Аруларға күміс, алтын немесе бриллиант әшекейлер сатып алсаңыз, олардың қуанатындары сөзсіз.

Гүл мен тәттілер

Қазір әрбір дүкендерде, супермаркеттерде түрлі-түрлі сыйлықтар бар. Қазіргі таңда өсімдік гүлі мен тәттілер алсаңыз да болады. Ол да бір ерекше сыйлыққа жатады әрі бір жағынан үнемдеп те қала аласыз.

Сертификат

Сүйгеніңізге, анаңыз немесе жаныңызға жақын аруға сұлулық салонына, массажға немесе spa салонға сертификат алып берсеңіз, олардың көңілдері марқайып қалатыны сөзсіз.

Парфюмерия және косметика

Аруларды парфюмерия мен косметикасыз елестету мүмкін емес, сондықтан да оларға косметикалық өнімдер немесе оның ең сүйікті иіс суын алып берсеңіз, ол да бір ерекше сыйлық болатыны хақ.

Мейрамхана және кинотеатр

8 наурыз халықаралық әйелдер күні барлық қазақстандықтарға демалыс. Демалыс күнді пайдаланып, сүйгеніңізді, келіншегіңізді кинотеатрға апарып, одан кейін бірге кешкі ас ішсеңіздер ол арулар үшін бұл да бір ерекше сый болатыны белгілі. Мейрамханаға алдын ала тапсырыс беріп, келіншегіңізге құрмет көрсетсеңіз оның өзіне арулар бір марқайып қалады.

Өз қолыңыздан жасаған сыйлық

Егерде өз қолыңыздан әшекей немесе қандай да бір бұйым жасай алсаңыз, ол да ерекше сыйлық болады. Өйткені әйелдер қауымы қолдан жасалған сыйлықтарға ерекше назар аударады. 
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/