Астанада халықаралық әйелдер күніне орай елордалық қыз-келіншектер қоғамдық көліктерде тегін жүре алатын болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті биліктің мәліметінше, нәзік жандылар үшін автобустармен тегін қатынау ретіндегі сыйлық алғаш рет жасалып отыр.

Қала басшылығы елордалық әйелдер қауымын төл мерекесімен дәл осылай құттықтамақ болған.

8 наурыз күні қоғамдық көліктерде тек астаналық қыз-келіншектер ғана емес, қалаға қонақ болып келген арулар да жүре алады.