Қазақстан үкіметінің  қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Премьер-министр Асқар Мамин кеңесті басқаратын болады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин басқарды. Сонымен қатар, қордың директорлар кеңесінің құрамына ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кірді», — делінеді хабарламада.

Бақытжан Сағынтаев пен Тимур Сүлейменов директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.