Отандық танымал блогер Айжан Байзақова көпшілікке алғаш рет ұлын көрсетті. Атышулы бойжеткеннің баласымен түскен видеосын өзінің Instagram парақшасына жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода Байзақова ұлынан кімді қаттырақ жақсы көретінін сұрағанын көруге болады.

Кішкентай сәбиін еркелеткен Айжанның бұл әрекеті көпшілікті бей-жай қалдырмаған.

«Жарайсыз», «Сенің бақытты болғаныңа қуаныштымын», «Ұлың аман-есен өсе берсін», «Қандай керемет! Ана бақытын сезінгеніңізге қуаныштымын», «Шын жүректен бақыт тілеймін»;

«Деніңіз сау, жақындарыңыз аман болсын», «Сіздің дұрыс жолға түскеніңізге ризамын», «Бақытты болыңыз», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, желіде Айжан Байзақовадан ұлының әкесін сұраушылар да табылды.

Алайда ол көпшіліктің бұл сауалын жауапсыз қалдырған.

Бөлісу: