Желіде Аша Матай мен Арман Қоңырдың айырылысып кеткені жайлы қауесеттер тарады. Бұл ақпаратқа екі жұлдыздыңInstagram парақшасында жазылушылар қатарынан бір-бірін өшіріп тастағаны негіз болса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлі-зайыптылар енді бір-бірінің парақшаларын қарамайтын болған.

Бұл жайтты бірінші болып Аша Матай мен Арман Қоңырдың аса белсенді оқырмандары байқап, ғаламторды шулата бастапты.

Желідегілер бірден жұлдызды отбасында не болып жатқанын анықтамақ болып, ерлі-зайыптыларды сұрақтың астына алған.

Олардың жеке өміріне асқан қызығушылық танытқандар тіпті Аша мен Арманның суретінің астына сауалдарды тікесінен қойыпты.

«Арман қайда?» , «Аша қайда кеткен?» , «Ашаны неге өшіріп тастадыңыз?» , «Неге Ашаны құттықтағаныңызды салмадыңыз?» , «Келіншегіңді құттықтамағансың ба? Әлде ұрысып қалдыңдар ма? » , «Арман көрінбей кетті соңғы кездері қасыңыздан», «Ажырасып кеткенсіңдер ма?» , — деп жазуда оқырмандар.

Айта кетерлігі, Аша Матай жұбайымен түскен суреттерін өткен жылдан бері жүктемесе, Арманның жарымен бірге көрінген фотосы биыл 25 қаңтарда салынған.

Оған қоса, Арман Қоңыр 8 наурыз мерекесінде анасы мен әпкесін ғана құттықтапты.

Бұл қауесеттерді әншінің Айсәуле Бақытбектің тойында көрінбегені одан сайын өршіте түсті.

Мерекелік шарада жасалған сурттерде Аша Матай күйеуінсіз, бір өзі ғана болған.