Әлеуметтік желіде сахна артында баласын жуындырған Салтанат Бақаеваның видеосы тарап кетті. Бейнежазбаны әншінің өнердегі әпкесі Жазира Байырбекова түсірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан жуыну бөлмесінде кішкентай баласын көтеріп, жуындырып жатқан әншіні байқауға болады.

«Сахнаның сыртындамыз. 10 минуттан кейін концерт басталады», — дейді видеоны түсірген Байырбекова.

Сонымен қатар, Жазира балақайдың «жіберіп» қойғанын, оны анасы жуындырып жатқанын алға тартыпты.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншінің әрекетіне әбден күлген.

«Әдемі естеліктер», «Баланың үлкен дәретке отырғаны ырыс-береке болады», «Несібе ғой ол деген», «Концерт қызықтырмайды», «Оның концертте не жұмысы бар» деп жазған олар.

Бөлісу: