Кеше, 14 наурызда, Facebook, Instagram және WhatsApp жұмысында бүкіл әлем бойынша ақау орын алды. Әзірге аталған әлеуметтік желілер мен мессенджердің жұмысында ақау туындауына не себеп болғаны белгісіз.

Facebook үшін бұл компанияның тарихындағы ең үлкен ақау болды. Сәрсенбі күнінің басым бөлігінде желі істемеді, деп жазады Stan.kz.

Компания соңғы рет мұндай қиындыққа 2008 жылы тап болған еді. Ол кезде желінің 150 миллион қолданушысы бар еді. Бүгінде Facebook желісінің 2,3 млрд-қа жуық қолданушысы бар.

«Facebook компаниясының қосымшаларын пайдаланған кезде кей адамдарда қиындықтар пайда болып жатқанынан хабардармыз. Бұл қиындықтарды барынша жылдам шешу үшін жұмыс жасап жатырмыз», — делінеді компанияның хабарламасында.

Facebook желісінің негізгі парақшасы ашылғанымен, көптеген қолданушы жазба жариялай алмай жатқанын айтып шағымданған.

Ал Instagram қолданушылары жаңалықтар таспасын жаңартып, жаңа фотосуреттер жариялай алмағандарын айтты.

Танымал әлеуметтік желілердің жұмысын қадағалайтын Downdetector сервисінің мәліметінше, аталған желілердегі ақаулар әлем бойынша орын алған.

Бөлісу: