Роналду чемпиондар лигасы ойындарынан шеттетілуі мүмкін

Роналду чемпиондар лигасы ойындарынан шеттетілуі мүмкін

Роналду «Атлетико» клубының бас бапкері Диего Симеоненің қылығын қайталағаны үшін чемпиондар лигасының ширек финалы ойындарынан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалдық ойыншы «Атлетикоға» қарсы ойында Симеоненің қылығын қайталағаны үшін чемпиондар лигасы 1/4 финалы аясында өтетін «Аяксқа» қарсы матчтарға қатыспауы мүмкін.

Сонымен қатар, туриндік клуб басшылығына айыппұл салынбақшы. «Ювентустың» «Аяксқа» қарсы алғашқы ойыны 10 сәуірде, қарымта матч — 16 сәуірде өтеді.