NewsROOM+. «7-арнадан» шығатын «Өз ойым» бағдарламасында ақсақал жұртты таң қалдырды. Айтуынша, өзінен жасы үлкен әйелмен отау көтерген ер адамдар түбі өкініп өтетін көрінеді.

Қарт кісі биыл 72 жасқа толыпты.

«Дәл қазір жас қызбен 24 сағаттай ойнап беретін мүмкіндігім бар. Менен 14 жас үлкен 86-дағы кемпір маған қандай жылылықпен қарайды? Мені еркек деп есептей ме? Оған еркек керек пе?

Өзінен жасы үлкен әйел алған адамдар қайткенде де қасіреттің бөлмесіне кереді. Сол қасіретті армандайтындар болса, өзінен үлкен әйелдерді ала берсін. Маңдайға барып тиетінін біліп алсын. Біз айтпасақ, күнә болады», – деді ол.

Желі қолданушыларының бірі оның бұл пікірін қолдаса, енді бірі «Махаббат жасқа қарамайтынын» дәлелдеп әлек.

Бөлісу: