Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі», «География» пәндеріне біршама өзгеріс енгізетінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі.

«Қазақстан тарихы, қазақ тілі және география менталитетке сай болады.» — деді Білім және ғылым министрі.

– Біз жалпы мектеп мұғалімдерін қолдауымыз қажет. Балаларымызға дұрыс патриоттық тәрбие беру үшін «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі», «География» пәндерінің мазмұны халықтың менталитетіне сай жүргізіледі. Мектепте білім беруге ер-азаматтарды шақыру керек. Себебі, балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады, – деген пікір білдірді Күләш Шамшидинова.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 25 ақпанында  Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындалған Күләш Шәмшидинова келесі жылдан бастап білім жүйесіне «Әліппені» әкелетінін мәлімдеген болатын.