Әнші Қайрат Нұртас желіге әзіл шыны аралас екіұшты жазба қалдырды. 

«Мен секілді әдемі жігітті қалай жамандауға болады? Мүлде түсінбеймін. Тірі кезімде қадірімді біліңдер», — дегенге саяды әншінің жазбасы.

Желі  қолданушылары мен өнердегі достары бұған күле қарады. Кейбірі өз ойын білдіріп жатыр. Оның ішінде әнші Нұрболат Абдуллин де бар.

«Қайрат аға, Нұртасым!
Осылай бәрін құртасың!
Үндемей жүріп кей-кезде
Жайлап келіп жыртасың», — деп жазды ол.

«Тірінің сөзден аманы жоқ. Өлгеннің жаманы жоқ» дегендей. Тірі жүрсек, небір сөз айтыла береді», «Барыңда бағалаймын, мықты әншісің», — дейді желі қолданушылары.