Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Назарбаев: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабы, 3 пункіне сәйкес, 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтатамын» деп шешім қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 48-бабы 1 пункіне сәйкес, Қазақстан Республикасының президентінің өкілеттігі қалған уақытта Қазақстан халқы алдында ант қабылдағаннан бастап Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасына өтеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабы 2 пункіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының келісімімен, 2019 жылдың 20 наурызында сағат 12:00-де Қазақстан Республикасының парламент палатасының бірлескен отырысында ҚР президенті қызметіне келуіне байланысты Қазақстан халқына ант беру салтанатын өткізеді.

Жарлық қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.