Миымыз неге қателіктерге жол береді?

Біздің миымыз мінсіз емес. Біз адамдардың есімін ұмытып қаламыз, түнде ұйықтай алмаймыз, оңай көруге болатын заттарды байқамаймыз… Біздің миымызда неге мұндай қателіктер орын алады? Миымыз неге қателіктерге жол береді?

1. Неге санамыз қарапайым нәрселерді қорқынышты дүние ретінде қабылдайды?

Көшеде жалғыз келе жатып, өз жүрісіңізден қорқып тездетіп жүрген сәтіңіз есіңізде болар. Айналамыз толған қауіп-қатер. Ал, миымыз болса, кез келген қауіпке жауап қатуға бейімделген. Бұл миллиондаған эволюция үрдісі әсерінен пайда болған. Өзіңіздің көлеңкеңізден қорқып, соған бола ұялып жүрсеңіз, қуаныңыз.

Қорқыныш қана адам бойындағы «ұр немесе қаш» қорғаныш қаситеін жасақтауда үлкен рөл атқарады. Бұл уақытта жүйке жүйесі миға хабар беріп, бойыңыздағы бар күшіңіз сыртқа шығады. Яғни, соққыңыз әлсіз болса, қорқыныш кезінде соққыңыз жойқын күшке ие болады.

2. Көрші бөлмеге не үшін барғанымызды неге ұмытып қаламыз?

Таныс жағдай ма? Ас үйге жүгіріп барасыз да не үшін келгеніңізді ұмытып қаласыз. Бұл қысқа мерзімді жадыңыздың қызметіне тәуелді қызықты үрдіс. Есте сақтау қабілетінің бұл түрі әр уақыт жұмыс жасап тұрады. Біз әр секунд сайын ойланамыз, ал ол ақпарат ретінде миға асқан жылдамдықпен түсіп, сол уақытта өз күшін жоғалтады.

Кейде бұл маңызды жүйеде ақаулық орын алады. Соның әсерінен сіз ас бөлмеге неге барғаныңызды ұмытып қаласыз. Егер сіз бір уақытта бірнеше зат ойлайтын болсаңыз, бұл ақау жиі қайталанатын болады. Қысқа мерзімді жад тек ақпаратты минутқа жетер жетпес уақыт сақтай алады. Сондықтан сіз алған жаңа ақпарат сол бойда ескілердің қатарына енуі мүмкін.

3. Сынға неге төтеп бере алмаймыз?

Ми мақтаудан гөрі сынды жадында ұзағырақ сақтайды. Неге? Сізге біреу сын, негативті пікір айтса сіздің жүйкеңіз күйзеліске ұшырайды. Онымен күресу үшін ағзаңыз кортизол гормонын бөле бастайды. Кортизол сонымен қатар, қорқыныш кезінде де бөлінеді. Сынды біздің санамыз қатер ретінде қабылдайды. Бұл кезде де сіздің бойыңыздағы «ұр немесе қаш» қызметі іске қосылып, денеңізге көп салмақ түседі.

4. Өз қабілетімізге неге күмәнмен қараймыз?

Ақылды адамдар неге ақымақтардан жеңіледі? Өйткені ақымақ адамдардың өздеріне деген сенімі жоғары болады. Ақылды адамдар жиі оқиды, жиі зерттеу жүргізеді. Олар кез келген сұрақтың жауабы дәл емес екенін біледі. Кез келген жауаптың орнын басар өзге де ақпарттардың барын жақсы түсінеді.

Сондықтан әр ісіне күмәнмен қарайтын болады. Біздің миымызды заманауи компьютерлермен салыстырады. Бірақ бізге өздігінен жадындағы ақпаратты жойып жіберетін компьютер ұнамас еді. Сондықтан миыңызды бір уақыт тынықтырып, мазасыз ойлар мен жауапсыз сұрақтардан қашуға тырысыңыз.


Күн сайын өзіңіздің жұлдыз жорамалыңызды оқып, сізді не күтіп тұрғанын біліңіз!