Наурыздың 21-25 күндері ауа райы болжамы

Синоптиктер наурыздың 21-25 күндері Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Наурыздың 21-25 күндері ауа райы болжамы

  • Бейсенбі, 21 наурызда ауа температурасы күндіз + 6, түнде + 4 градус болады. Күндіз жаңбыр жаууы ықтимал.
  • Жұма, 22 наурызда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +8, түнде + 6.
  • Сенбі, 23 наурыз, күн шуақты. Күндіз +10, түнде + 6.
  • Жексенбі, 24 наурыз, жаңбыр жауады. Күндіз +8, түнде + 6.
  • Дүйсенбі, 25 наурызда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +8, түнде + 4.

Еске салайық, Наурыз мейрамына байланысты қазақстандықтар бес күн демалады. 21-23 наурыз аралығы ресми мейрам саналады. Биыл 23 наурыз сенбіге түскендіктен, демалыс күні 25 наурыз дүйсенбіге ауысады.

Осылайша, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында демалады.


Күн сайын өзіңіздің жұлдыз жорамалыңызды оқып, сізді не күтіп тұрғанын біліңіз!