15 сәуір Қозы көрпеш-Баян сұлу ғашықтар күнін тойлауға бола ма?

Соңғы жылдардан бері 15 сәуір жастар арасында махаббат күні ретінде әспеттеліп жүр. Бұл мереке қоғамдық сипат алмаса да, тойлаушылар қатары артып келе жатқандай. 15 сәуір Қозы көрпеш-Баян сұлу ғашықтар күні  

Осы сауалға islam.kz сайтында автор Әбдусамат Қасым жауап айтады.

“Жалпы, «ғашықтар күні» дейтін нәрсе шариғатта жоқ. Оны халық арасында насихаттап, айрықша күн ретінде атап өтудің де зәрулігі шамалы секілді. Біріншіден, ғашықтықты насихаттауға адамдар мұқтаж емес. Екіншіден, «Қозы көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпостық жырында екі жастың арасындағы махаббаттың немен аяқталғаны бәріне белгілі”, – дейді автор.

Ол сондай-ақ, осындай нәрселерді көптеп насихаттау – жастар арасында махаббат жолында құрбан болушылықты, дәлірек айтқанда «суицидті» арттыруы мүмкін деп те қауіптенеді. Жастар ғашықтар күнін желеулетіп көптеген түрлі ауыр күнәларға баратыны да жасырын емес. Бұл соңғы жылдары еліміздегі жастар арасында атап өтілуі әдетке айналып бара жатқан “Валентин” күніне еліктеушілік болып табылады, дейді автор. 15 сәуір Қозы көрпеш-Баян сұлу ғашықтар күні

Дереккөз: stan.kz


Күн сайын өзіңіздің жұлдыз жорамалыңызды оқып, сізді не күтіп тұрғанын біліңіз!

Ұқсас жазбалар: