Иракта Наурыз мереккесін тойлауға шыққан туристер суға батып, 100-ге жуық адам қаза тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтының дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Иракта Тигр өзеніндегі туристік паромның құлауынан 100-ге жуық адам қаза тапты. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қайтыс болғандардың көпшілігі жүзу білмейтін әйелдер мен балалар болған.

«Туристер паромында шамамен 200 адам болды. Олардың көпшілігі жүзе алмайды», — дейді Мосул азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы.

Бұл қайғылы оқиға Ирак қаласынан бірнеше шақырымда орналасқан Тигр өзенінде иран және түркі халықтарының көктемнің ерекше мерекесі Наурызды тойлау кезінде орын алған.

Қайғылы оқиғадан біраз уақыт бұрын билік адамдарға қатты жаңбырдан кейін өзендегі су деңгейінің көтерілуі туралы ескертілген, алайда кеме қайықшасының операторы бұл ескертулерді ескермеген болуы керек.