Грузия президенті Саломе Зурабишвили әзербайжан ұлт өкілерінің грузин тілін нашар білетіндігіне қарамастан, олармен орыс тілінде сөйлесуден түбегейлі бас тартты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ♦ruposters.ru сайтына сілтеме жасап. 

Президент әзербайжан ұлт өкілдерін Наурыз мейрамымен құттықтау үшін арнайы Гардабани қаласына барған. Грузия Президенті грузин тілін нашар білетін жергілікті тұрғындармен  орыс тілінде сөйлесуден бас тартты.

«Мен Сіздермен орыс тілінде сөйлеспеймін. Бұл талқыланбайды. Ол бізді біріктіретін тіл емес. Мен әзербайжан тілінде бірнеше сөз жаттай аламын. Бірақ біздің болашағымыз бәріміздің  бір тілде сөйлеуімізге байланысты» — деді ел президенті.

Францияға дүниеге келіп, сонда өскен Зурабишвили грузин тілінде дұрыс сөйлей алмайтыны үшін үнемі сынның астында қалатынын еске сала кетейік.

Ruposters жазып өткендей, 2018 жылдың қараша айында сайлауда жеңіске жеткен соң Зурабишвили Ресей Федерациясымен бірігуге қарсы шығып, Мәскеудің сыртқы саясатын сынап, елінің НАТО мен Еуро Одаққа кіру жолын ұстананын мәлімдеген еді. Ол Кремль «Абхазия мен Оңтүстік Осетияны жаулап алғанын» мойындағаннан кейін ғана келіссөз жүргізетінін айтқан-ды.