Қазақстан Республикасы президентінің міндетін атқарушы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ отбасы жайлы БАҚ-да аз жазылады. Деседе, Жас АЛАШ тілшісі ашық дереккөздерден ақпарат іздеп көрген еді.

Биыл  17 мамыр күні 66 жасқа толатын Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ саяси аренадағы өмірі көпшілікке мәлім. Ұзақ жылдар Сыртқы істер министрлігін басқарған. 1999-2002 жылдары премьер-министр қызметінде болған. 2013 жылдан бастап Сенат төрағасы қызметін атқарып келген еді. Саясаттану ғылымдарының доктары.

Әйелі ТОҚАЕВА Надежда Давыдовна. Қазақстанның бірінші ханымы жайлы ақпараттар ғаламторда жоқтың қасы. Екінші президенттің бір ұлы бар. 1984 жылы дүниеге келген ТОҚАЕВ Тимур Қасым-Жомартұлы кәсіпкер.

kompromat1.news сайтының жазуынша Тимур Тоқаев елдегі жас миллионерлердің бірі. 35 жастағы президенттің ұлы тұрғын үй құрлысымен айналысатын Umit Investment компаниясын 2007 жылы Астана қаласында тіркепті.

2008 жылы атасы, жазушы Кемел ТОҚАЕВ атындағы қайрымдылық қорын ашқан. 2013 жылы қазақстандық БАҚ-та Тимур Қасым-Жомартұлы «Аби Петролеум Кэпитал» мұнай компаниясының құрылтайшыларының бірі деген ақпарат шыққан. 2012 жылы ол компания 890 миллион теңге тапқан (5,8$ млн).  Айтпақшы, кіші Тоқаев та ғылымға таласы бар. 2009 жылы Мәскеуде диссертациясын қорғаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.