Қазақстан аумағы арқылы өтетін циклондар мен атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа-райын алып келеді. Шуақты күндер жаңбырлы күндермен ауысады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Солтүстік облыстарда синоптиктер жаңбыр және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын, тұман және көктайғақ, оңтүстікте жаңбыр болады деп болжайды. Ауа температурасы төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары болып сақталады.