Ауаны тазартатын жасанды жапырақ жасап шығарылды

2011 жылдан бері ғалымдар өзінен оттегі бөліп шығаратын жасанды жапырақтарды жасау жөнінде түрлі тәжірибелер өткізіп келеді. Осы уақытқа дейін жасап шығарылған жапырақтар тек зертханаларда ғана нәтиже беріп, зертханадан тыс жерде мұндай мүмкіндікке ие бола алмаған еді. Ауаны тазартатын жасанды жапырақ жасап шығарылды

Бірақ жақында Чикагоның Иллионойс университеті ғалымдары жасап шығарған жапырақтар табиғат аясында да көмірқышқыл газын жұтып, табиғи жапырақтардай оттегі бөліп шығара алатынын дәлелдеді.

Зерттеудің авторы Монеш Сингхтің айтуынша, жапырақтың алдыңғы нұсқалары оттегі, электр қуаты мен сұйық отындарды тек қысылған резервуарларда сақталған көмірқышқыл газынан бөліп шығаруға қабілетті еді. Олар көмірқышқыл газын көшедегі ауадан сіңіруге жеткілікті күшке ие болмаған-тын.

Бұл мәселені шешу олар ойлағананна оңай боп шықты. Олар жасанды жапырақтың қазіргі нұсқасын су толтырылған аммоний смоласынан жасалған капсулаға салған. Жұмыс жасау тәртібі мынада: Күн әсерінен сұйықтық кішкене саңылаулар арқылы буланып шығып кетеді. Оның орнын бірден көмірқышқыл газы басады да фотосинтез үдерісі арқылы оттегіге айналады. Айналып келген осы түзілген дүние отын жасауға шикізат болады немесе кислородты синтездеуші және ауа тазару үшін оның сыртқа шығуын қамтамасыз етуші болады.

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды жапырақ табиғиларға қарағанда ауаны 10 есе жақсы тазартады. Егер 360 жасанды жапырағы бар, биіктігі 170 см, ені 20 см болатын ағаш отырғыссаңыз ол 100 метр радиустағы жердің 10 пайыз көмірқышқыл газын жұтып алады. Оны жасаушылар мейлінше қолжетімді матералдардан жасаймыз деп отыр.

Бөлісу: