Ресейлік опозициялық саясаткер Алексей НАВАЛЬНЫЙ Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ отставкаға кетуіне орай пікір білдірді. Бұл туралы Жас АЛАШ сайты хабарлайды.

«Жемқорлыққа қарсы қордың» жетекшісі, саясаткер Алексей Навальный өз пікірін әдеттегідей youtube.com жасады. Ол Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ Совет одағын сақтау үшін Михаил ГОРБАЧЕВПЕН бірге мәлімдеме жасағанын еске алды. Және Қазақстанның тұңғыш президентінің отставкасын естігенде есеңгіреп қалғанын да айтты.

«Қазақстан демократиялық ел емес. Ондағын жылдар бойы бір адам билеген елде президент кете сала сайлаудың болмайтыны түсінікті.Қызы сенат төрайымы атаныпты. Жүйе күрделенді. Іште жаңа ойыншылар пайда болды.Қалай деседе Назарбаев Путинен озды. Жалпы ішкі өнімді қараңыздаршы. Содан-ақ бәрі белгілі. Назарбаев Путинен гөрі мұнайдың ақшасын тиімді пайдаланды. Қазақстандағы жағдайды азиялық автократия деп бізде мазақтап жатыр. Біз де сол азияға бет бұрып барамыз. Путинді мадақтап жатқандар қаншама. Мәскеудің Путинагорск атайық дейтін бастамалардың көтерілуі әбден ықтимал», — деді саясаткер Алексей Навальный.

Сондай-ақ, саясаткер аты ауысумен келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласына міндетті түрде баратынын да айтты.

Бөлісу: