Ресейдегі «Не? Қайда? Қашан?» бағдарламасында алматылық жігіт 350 мың теңге ұтып алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бағдарламаға қатысушылар алматылықтың сұрағына жауап бере алмады. 

Алматылық Нұрлан Асылбековтың сұрағы тым қарапайым еді. Ол «Верблюд» қазақша «түйе», «птица» — «құс». Ал қазақ тілінде «түйеқұс» деген не?» деген сұрақ қойды.

Ойыншылардың бірі бұл құс бірқазан (пеликан) шығар деп қате тұжырым жасады. Дегенмен, қарапайым сұрақтың жауабын ешбір ойыншы таппағандықтан Нұрлан Асылбеков 60 мың рубльді қанжығасына байлады.